Ж. Өкен лауазымды адам бола тұра 400 000 теңге мөлшерінде ақша пара алғаны сотпен анықталды. Аталған қаржыны ол бөтеннің мүлкін жасырын ұрлаған К.М-ның ұлын қылмыстық жауапкершілікке тарптау үшін талап еткен.
Сот үкімі бойынша Ж. Өкен ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімімен кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқынан өмір бойына айырып үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.