Жамбыл облысында су тасқынын ғарыштан бақылауға алды

ТАРАЗ. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 2011 жылдан бастап Жамбыл облысында су тасқынын ғарыштан бақылауға алу ісі қолға алынды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісімен болған сұхбатта ҚР ТЖМ Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жамбылбек Шақабаев мәлім етті.

«Биылғы жылы Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың өкімімен біздің облысымыз су тасқыны мен өртті бақылайтын ғарыштық мониторинг қызметін, үш мың ұшу сағатын сатып алды», - деп атап өтті Ж.Шақабаев.

Ведомство бастығының пікірінше, бұл шара күннің жылынуымен облыста болатын су және өрт қауіптерінің алдын алуға көмектеседі. «Мониторинг мәліметі бойынша, бүгінгі таңда қар суы аз болғандықтан, біздің облысымызда су тасқыны болады деген болжам жоқ», - дейді ол.