«8 маусым күні сағат 23.30-да облыстың ТЖД-не Шу қаласында магистральдық каналға суға шомылу кезінде 58 жастағы ер адам батып кеткендігі жөнінде ақпарат келіп түсті», - деп хабарлайды ведомстводан.
Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД «Судан құтқару қызметінен» 4 адам мен «УАЗ» көлігі жетті.
ТЖД оқиға болған жер Тараз қаласынан 230 шақырым қашықтықта болғанын анықтады. Қазіргі кезде ер адамның денесі іздестіріліп жатыр. Бұл Шу қаласының магистарльдық каналында болып отырған екінші оқиға.