Жамбыл облысында сумен қамтамасыз ету және кәріз нысандары жаңартылады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысындағы сумен қамтамасыз ету және кәріз мәселелерін шешу үшін миллиард теңге бөлінуі тиіс, қайта жөндеуге және жаңартуға жататын нақты көлем анықталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Су және кәріз мәселесі Жамбыл облысында өткір тұр, су тасымалдау жүйесінің тозуы 70 пайыз құрайды.Бүгінгі күнге дейін аймақтағы 381 елді мекеннің 146 ғана орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіліпті, ал онда тұратын халықтың саны 346,3 мың адам (барлық ауыл тұрғынының 57,9 пайызы). 225 елдімекен тұрғынының сумен қамтамасыз етілуі орталықтандырылмаған және 10 ауылдың адамдары суды тасып ішеді.«Ауыз су» бағдарламасы бойынша облыстың 250 мың адам тұратын 235 елдімекенінде жұмыс құны 14,8 млрд. теңгеге бағаланған су тасымалдау жүйесі құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.«Жол картасына» сәйкес, су жинақтау жұмысын, сумен қамтамасыз етуді қайта қалпына келтіру үшін республикалық бюджеттен 969,5 млн. теңге бөлу қарастырылуда (осы мәселеге 2008 жылы 283 млрд. теңге бөлінсе, 2009 жылы 340 млн. теңге бөлінбек).