Жамбыл облысында туберкулезбен ауыратындардың саны 18,5 мыңнан астам адамды құрайды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы бойынша туберкулезбен ауыратындардың саны 18,5 мыңнан астам адамды құрайды, облыстағы әрбір 57-ші адам жұқтыру қатерінің өңірінде қалып отыр,

деді Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев халықпен болған есеп беру кездесуінде.

Аймақ басшысы аймақтағы туберкулездің алдын алу бойынша жанды іс-шараларды қабылдау қажеттігін атады. «Шұғыл түрде туберкулезбен ауру деңгейін қысқарту бойынша іс-шараларды қабылдау қажет. Жыл сайын әлемде 10 млн. адам туберкулезбен ауырады, 3 млн. адам көз жұмады, олардың 8 мыңы - күн сайын. Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласындағы қиын мәселе кадрлық әлеует болып отыр. Әр дәрігерге 430 аурудан келетінін ескерсек, есептеп шығару қиын емес», - деді Қ.Бозымбаев.

Аймақ әкімі Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласындағы істің жай-күйіне алаңдаушылық танытты.