Жылына 120 мың тонна өнім шығара алатын, 3,25 млн. теңгеге салынған зауытты Тараздағы «Қосалқы бөлшектер» АҚ жүзеге асырды. Жаңадан 843 жұмыс орны ашылды.
Жалпы алғанда, 2010 жылы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жалпы құны 55,95 млрд. теңге болатын сегіз инвестициялық жоба жүзеге асырылды, сол арқылы 3,3 мың жұмыс орны ашылған.