ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаев «Сортөбе» бекетін аша отырып, бөлімше бастығына рәміздік кілтін тапсырып, мемлекеттік шекараны жайластыру ауқымды мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда кезекті қадам жасалғандығын, тек 2013 жылы жаңа талаптарға сай 20 шекара бекетінің іске қосылғандығын атап өтті.
Комитет басшысының қолынан жаңа бекет шекарашылары пәтер кілттерін алды. ҚР Парламенті Сенаты депутаттары, Жамбыл облысының әкімі және басқа да шақырылған қонақтар шекара қалашығының инфрақұрылымымен, сондай-ақ автокөлік және арнайы техникасымен танысты.
Депутаттар Қазақстан шекарашыларының халық пен елдің мүддесіне риясыз қызмет ететіндігіне, әскери антқа және қызметтік парызға адал болатындығына сенім білдірді.