Тәртіптік жауапкершілікке 400-ден астам қызметкер тартылды, жеті әкімшілік және 59 қылмыстық іс қозғалды.
«Нұр Отан» ХДП ЖФ жанындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдазимовтың сөзіне қарағанда, мемлекеттік сатып алулар бойынша заңнамалық талаптар бұзушылығының қатарында - әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінен бас тарту, құжаттардың бекітілген конкурстық комиссиясына енгізілмеуі бар. «Құқық бұзушылықтар барлық аудандар мен облыс орталығында жасалуда», - деді ол.