11:26, 09 Сәуір 2009
Жамбыл облысында Жол картасын жүзеге асыруға 7,5 мыңдай адам жұмылдырылады
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында 82 облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-насихаттау тобы Жол картасын жүзеге асырудың барысын насихаттау және түсіндіру жөніндегі жүйелі жұмыстар жүргізілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында түрлі 745 кездесу, 205 «дөңгелек үстел» отырысы өткізіліп, бұл шаралармен барлығы 55 мыңнан астам адам қамтылды. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарының (Жол картасы) аясында Жамбыл облысында қайта жаңарту мен жөндеу жұмыстарына мұқтаж тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының нақты нысандары анықталып отыр. Ағымдағы жылы аймақта тұрғын үй-коммуналдық нысандарын жөндеуге, жаңартуға 4,4 миллиард теңгеден астам қаражат жоспарланып отыр, оның 3,8 миллиард теңге - республикалық бюджеттен, 598 миллион теңге - жергілікті бюджеттен қарастырылған. Жол картасын жүзеге асыру аясындағы бұл жұмыстарға 7 500 адам тартылады. Олардың 25 пайызы немесе 1900 адам, уақытша жұмыссыздар қатарынан қосымша мамандықтар алу үшін қайта оқуға жіберіледі.