Облыстық ІІД мәлім еткендей, 26 мамыр күні кешқұрым ауылдағы стадионда көкпардан өткен аудандық жарысқа қатысушылар арасында жанжал шыққан.
«Аса ауылындағы орталық стадионның аумағына кездейсоқ келген 6 жігіт жараланды. Әзірге анықталмаған қарудан оқ атылған. Жарақаттанған жігіттер дереу көліктеріне мініп, Аса ауылындағы орталық аудандық ауруханасына жетіп үлгерді. Оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді», - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жапа шеккендердің үшеуі Тараз қаласындағы №1 ауруханада. Олардың жағдайы ауыр.
Бүгін қылмыстың барлық мүмкін нұсқалары қарастырылып, оған қатысы бар тұлғалар анықталу үстінде. Тергеу жүріп жатыр.