«Автокеруен құрамында 100 адам облыстың барлық 10 ауданында ақпараттық-насихат жұмысын жүргізеді, - деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова. - Шалғай аудандардың тұрғындарымен облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, жастар, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мәдениет қайраткерлері кездеседі».
Тараздың орталық алаңынан үгіт-насихат керуенін аттандыру 4 желтоқсанға таңертеңге белгіленіп отыр. Салтанатты шараға облыс, мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктер басшылары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысады.
Автокеруен құрамында 8 жүк машинасы бар, олар аудандар тұрғындарына ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтан төмен бағамен жеткізеді.