Оларды қолдау үшін облыстық бюджеттен 354,5 млн. теңге бөлінген, қалалық және аудандық бюджеттен тағы 623, 3 млн. теңге аударылған. «Мемлекет мүгедек арбаларын, тифло, сурдо және санитарлық-гигиеналық құралдарды сатып алуға қаржы бөліп, протездік-ортопедиялық көмек көрсетіп отыр», - деп түсіндірді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектер және ардагерлермен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы Аида Өтеулина.
Оның айтуынша, бүгінде Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталықтарының желісі белсенді ұйымдастырылып отыр.