Бұл туралы облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жандос Надиров хабарлады.
«Дипломмен - ауылға!» бағдарламасының 2008 жылы аймақта - 85 жас дәрігер, 2009 жылы - 108 жас маман жұмысқа тұрғызылды. «Олардың жүзден астамы қазір ауылдық жерлерде жұмыс істеп жатыр»,- деп атап көрсетті Ж.Надиров.
2010 жылдың желтоқсан айының басындағы жағдай бойынша облысқа 265 дәрігер қажет болған, оның 98-і - ауылдық емханалар үшін.
«2010 жылы облысқа 110 маман тарту жоспарланды. Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары мен аудан үйлестірушілерінің медициналық оқу орындарының түлектерімен жүргізген кездесулерінің арқасында және аудандық әкімдіктердің қаржылық қолдауының нәтижесінде жас медицина қызметкерлері болашақ жұмыс орындарымен танысу мүмкіндіктеріне ие болды. Нәтижесінде Алматы мен Шымкент медициналық жоғары оқу орындарының 94 түлегі Жамбыл облысына жұмысқа келді.