Іздестіру шараларына Байзақ аудандық АТЖБ мен ІІБ қызметкерлері, жергілікті тұрғындар мен «Жамбыл облыстық ТЖД судан құтқару қызметі» ММ апаттық-құтқару отрядының сүңгуірлері жұмылдырылған.
"Куәгерлердің айтуынша, бүлдіршін арна жанында ойнап отырып, байқаусызда суға құлап кеткен," - деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.