Жүнісбеков Бақытжан Мұратұлы 1981 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Инженер-механик», 2005 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Заңгер», 2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Сәулетші» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл облысы прокуратурасының штаттан тыс маманы болып бастаған.
2004-2005 жылдары – «Жер сілкінісі салдарынан зақым тиген тұрғын-үй және әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерінің құрылысы және қайта қалпына келтіру дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында инженер-оператор, Жамбыл облысының құрылыс, сәулет және аумақтық құрылыс салу басқармасының мемлекеттік коммуналдық мекемесінің «бас кәсіпорнының» сәулет-жоспар дайындау бөлімінің инженер-механигі, 2005-2006 жылдары – ҚР индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының жетекші маманы, 2006-2010 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және құрылыс басқармасының жетекші маманы, бас маманы, 2010-2012 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы, 2012-2017 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, 2017-2018 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2018 жылдың қараша айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.