09:21, 14 Сәуір 2009
'Жамбыл облысының Немістер қоғамы' католиктер Пасхасын атап өтті
ТАРАЗ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Жамбыл облысының Немістер қоғамы» бірлестігі католиктер Пасхасын атап өтіп, театрландырылған қойылым ұйымдастырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл іс-шараға қоғамдық бірлестіктің өкілдері, еңбек ардагерлері, оқушылар мен студенттер қатысты. Жастар неміс тілінде өлеңдер оқып, халық әндері мен билерін орындады. Неміс диаспорасының қариясы, Қазақстан Республикасының білім саласының үздігі Иоганес Карстен достық туралы өлең оқыды. Театрландырылған қойылымның соңында пасха балауыздары жағылды. Немістердің қоғамдық бірлестігінің президенті Елизавета Шефер ханым, Қазақстанның Германиядағы жылы аясында жамбылдық бірлестіктің өткізіп жатқан шаралары туралы, неміс халқының тарихының, мәдениетінің, ұлттық салт-дәстүрлерінің насихатталуы туралы әңгімелеп берді.