Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен хабарлайды.
2011 жылы С.Мырзаханов мемлекеттік функцияларды атқаратын тұлға бола тұра қызметтік өкілеттігін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу барысында Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында қатты қалдық полигонының құрылыс құжаттарын жасауда мердігермен заңсыз шартқа отырған. Кейіннен М.Мырзаханов мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алмай негізсіз жасалатын жұмыстың түрін өзгертіп, аяқталған жұмыс туралы жалған актіге қол қойған. Мердігер ұйым «Ирол» ЖШС-ның есеп шотына 6 000 000 теңге аударылған.
Т.Рысқұлов аудандық соты ҚР ҚК-нің 307 б. 2 б. (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) және 314 б. 2 б. (қызметтік жалғандық) кінәлі деп танылып, оған 3 964 000 теңге көлемінде айыппұл салды.
Сотталушы 200 АЕК көлемінде салынған айыппұлды үкім заңды күшіне енген соң, бір ай мерзім ішінде төлеуі тиіс.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.