«Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының, облыстық ІІД жол полициясы басқармасы мен төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық бөлімдердің мәліметінше, дәл қазір көлік қозғалысы үшін Жамбыл облысы аумағындағы республикалық және облыстық маңызы бар негізгі жолдар ашық тұр.
«Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен «Жасыл-Тараз» ЖШС-ның арнайы жол техникалары кез келген жағдайға толығымен дайын.