«Қордай аудандық Ішкі істер бөлімі (ІІБ) ұрлық жасағаны үшін Новосібір облысы ІІБ-мен іздеу жарияланған азаматты анықтады. Талас ауданының ІІБ алаяқтығы үшін іздеу жарияланған БеларусьРеспубликасының азаматын тапты, - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінде. - Тараз полицейлері Свердлов облысы ІІБ-мен ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген азаматты, сондай-ақ, Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласы ҚІІД ұрлық жасағаны үшін іздеу жариялаған азаматты ұстады».
Сонымен қатар, 11 хабар-ошарсыз кеткен азаматтың орналасқан жері анықталды. Олардың қатарында бес кәмелетке толмаған бала бар, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінен.