Жамбыл облыстық прокурорының аға көмекшісі Олег Морозовтың айтуынша, су заңнамасының қолданылуы туралы жоспарлы тексеру қорытындылары бойынша ауызсуды техникалық мақсаттарға заңсыз пайдалану фактілері тоқтатылды.
«Тараз-су» МКК-мен келісім-шарттардың негізінде облыс орталығының 82 көлік жуу қызметі ауызсуды көліктерді жуу үшін пайдаланғандары анықталды, ал бұл экологиялық және су заңнамасының талаптарына қайшы келеді», - деп хабарлады О.Морозов.
Тараз қалалық прокуратурасының арызы бойынша ауызсуды беру тоқтатылып, заңсыз келісім-шарттар бұзылды, деп нақтылады ол.
«Соттың аталған шешімі үстіміздегі жылдың 16 мамырында күшіне енді, оны орындау бойынша шаралар қабылдануда», - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.