Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Байзақ ауданының Бурыл ауылының 24 жасар тұрғыны басқарып келе жатқан «ВАЗ-21120» автокөлігін жол полициясының инспекторы Тұрар Рысқұлов ауданы орталығына жақын жерде жылдамдық ережесін бұзғаны үшін тоқтатты.
Күдікті көрінген көлікті тексеру кезінде полиция қызметкері оның салонынан бір жарым келіден астам анаша тапты.