Ол алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.
«2012 жылдың желтоқсан айында департаментке Х. есімді азаматша екінші деңгейлі банктердің бірінің қызметкері оның ақшалай қаражатын иемденіп кеткендігі жөнінде шағым түсірді. Тексеріс барысында анықталғандай, ол 2007 жылы бұл банктен 16 мың АҚШ долларға пәтер сатып алу үшін қызының атынан несие алған. Ж. есімді азамат, аталмыш банктің қызметкері лауазымын пайдалана отырып, бөтен біреудің мүлкін ұрлау мақсатында оған көмек көрсетуді ұсынған. Атап айтқанда, банк кассасына несиенің ақысын төлеу үшін қаражатты оған тапсыруды ұсынған», - деп хабарланды қаржы полицияның баспасөз қызметінен.
Тараз тұрғыны банк қызметкеріне барлығы 21 мыңнан астам АҚШ долларын берген. Алайда Ж. есімді азамат несиелік займды өтеу үшін бұл ақшаны банк кассасына бермеген, оны жамбасына басып, өз керегіне жұмсаған.
Қылмыстық іс бойынша тексеру амалдары жүргізілуде, нәтижелер жұртшылыққа жарияланатын болады, деп хабарланды Жамбыл облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметінен.