Жамбылдық қаржы полициясы авторлық құқықтарды бұзу фактілерін анықтады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбылдық қаржы полициясы ағымдағы жылдың бес айында анықтаған меншікке қарсы қылмыстардың ширек бөлігін авторлық құқық нысандарын заңсыз пайдалану, зияткерлік меншік құқықтары бұзу фактілері құрап отыр,

деп  хабарлады       Жамбыл облысы  бойынша экономикалық қылмысқа және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес  департаментінің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда,   Таразда   жүргізілген   операцияның барысында  контрафакті DVD-дискілер    дайындайтын      астыртын  цех   анықталған.  Жеке  кәсіпкерлердің бірі    қала орталығындағы    пәтерде   заңсыз  цех      ұйымдастырған және     құқыққа  иелік етуші  қазақстандық  компаниялардың  рұқсатынсыз       шетелдік фильмдер  жазылған  DVD-дискілерді заңсыз      дайындап келген.

Департаменттің  тергеу басқармасы  осы  факті  бойынша  Қылмыстық кодекстің  184-ші бабы 2-ші тармағы  бойынша (авторлық және сабақтас құқықтарды  бұзу)     қылмыстық  іс қозғап,   іс материалдарын сотқа   жолдады.

Соттың   қарауында   Жаңатас қаласында «Айгүл» компьютерлік клубында құқықтары «Бука» ЖАҚ-ына  тиесілі     компьютерлік  ойындарды  заңсыз сақтап  және     пайдаланып келген    тағы бір жеке кәсіпкерге  қатысты  осындай    қылмыстық  іс  жатыр.