Жамбылдық өрт сөндірушілер қараусыз қалған баланы құтқарды

ТАРАЗ. 28 маусым. ҚазАқпарат - Жамбылдық өрт сөндірушілер қараусыз қалған баланы құтқарды, деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен

«28 маусым күні сағат түнге бірде Тараз қаласының орталығындағы көппәтерлі үйде өрт болды, пәтер балконында жатқан мүлік отқа оранған. Жалынды сөндіру кезінде Тараз қалалық екі өрт сөндіру қызметтерінің күшімен ересектердің қарауынсыз қалған жеті жасар бала құтқарылды», - деді ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Руслан Иманқұлов.

 Өрт болған пәтерді Тараздың 28 жасар тұрғыны жалға алды. Өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын анықталуда, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.