20:25, 25 Наурыз 2009
Жамбылдық полицейлер құқық бұзушылармен күресті күшейтумен қатар жұмыссыздар санын азайтуға жәрдемдесуде
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Таразда бүгін облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырған кезекті еңбек және бос орындар жәрмеңкесіне өтті.
Оған еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерекқорында есепте тұрған бес жүзден астам жұмыссыздар шақырылды. ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мейірхан Жаманбаевтың бастамасымен бос орындар жәрмеңкесіне аймақ полиция басшысының қатысуымен одан әрі ішкі істер органдарында қызмет ету үшін полиция қызметкерлерінің қоғамдық көмекшілеріне үміткерлер іріктеліп алынды.Жұмыссыздардың ішінен 18-ден 40 жасқа дейінгі аралықтағы елуден астам қалалықтар ішкі іштер бөлімімен ынтымақтастыққа, азаматтардың тыныштығын күзетуге ниет танытты. Полицияның қоғамдық көмекшілеріне бірегей нысандағы киімдерге ? арнайы кеудешелерге тапсырыс берілді. Тиісті нұсқаулықтан кейін оларға арнайы куәліктер берілетін болады және халыққа қызмет көрсетудің нақтылы учаскелері бекітіліп беріледі.