Жамбыл облысы ІІД есірткі бизнесіна қарсы күрес басқармасының бастығы Нұржан Қалметовтың айтуынша, герион төрт полиэтиленді дорбаларға қапталып, сөмке ішіндегі жеміс-жидек арасына жасырылған. Бұндай есірткі мөлшерінің қара базардағы құны 60 мың АҚШ долларын құрайтын көрінеді.
Ұсталған азаматша есірткіні сату үшін алып жүргендігін мойындаған. Қазіргі таңда есірткі қалай жеткізілгендігі және оны қалай сатпақ болғандығы анықталу үстінде.