Тараз білім беру бөлімінің мемлекеттік тапсырысты орналастырудағы заң бұзушылық фактілері, атап айтқанда 55 миллион теңгенің мақсатсыз жұмсалғандығы анықталған.
Сондай-ақ заң бұзушылық Талас, Шу, Жуалы аудандарында да орын алған. Бұлар - негізсіз жалақы төлеу және өзге де қаржылық заңсыздықтар.
Тексеріс қорытындысы бойынша прокуратура органдарымен қалалық әкімдіктерге, білім бөлімдері және мектепке дейінгі мекемелерге 78 ұсыныс енгізілді. Сондай-ақ 237 әкімшілік іс қозғалды. 64 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 15 құқықтық акті күшін жойды, 1 материал Бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестіріне тіркелді, деп хабарлайды Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.