«Startup Nomad Tour» мақсаты жоғары технологиялық нарықтарда сұранысқа ие инновациялық шешімдерді іздеу, сондай-ақ өз даму стратегиясын қалыптастыруда жас әзірлеушілерге көмек беру болып табылады. Бұдан басқа, Startup Tour өңірлерде жас дарынды ғалымдар мен әзірлеушілердің, кәсіпкерлердің, инвесторлардың, технопарк, жетекші өңірлік ЖОО және ғылыми институттар өкілдерінің стартап-қоғамдастығын қалыптастыруға жәрдемдеседі», - деді П. Коктышев.
Кездесу аясында Жамбыл политехникалық колледжі базасында тегін семинар-тренингтер, панелді пікірталастар мен шеберлік сыныптары өтті.