Бүгін ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында ҚР Үкіметінің басшысы Серік Ахметов осылай мәлім етті.
«Біз жаңа бюджеттік тұжырымдаманы қабылдау барысында стратегиялық, экономикалық бюджеттік жоспарлаудың бірқатар маңызды мәселелерін қамтымақпыз. Айта кетейін, бюджеттік саясат тұжырымдамасында үш маңызды құжат қамтылады. Сонымен қатар, алдағы бір ай ішінде біз бюджеттік саясат тұжырымдамасын, мемлекеттік аудит тұжырымдамасы мен стратегиялық жоспарлау тұжырымдамасын Мемлекет басшысының қол қоюына жолдайтын боламыз», деді Премьер-Министр.
С. Ахметовтің айтуынша, аталған тұжырымдамалар аясында үш жылдық бюджет аясында даму бюджеттеріне ерекше назар аударылатын болады. «Мәселен, биыл жүзеге аспаған инвестициялық жобаларда жеткілікті әлеует болса, олар ұсталынбай келесі жылға өтетін болады. Бүгінгі қалыптасқан жағдайға орай, біз қатаң үнемдеу саясатын ұстанатын боламыз. Сонымен қатар, басым бағдарламаларға ерекше назар аударылады. Ревизия аясында нақты қырық үш бағдарлама қаралады, оның бесеуі мемлекеттік, қалғаны салалық бағдарламаларға жатады», деді С. Ахметов.