Жаңа еңбекпен қамту бағдарламасы таяу 5 жылда 1,5 миллион қазақстандықты қамтуы тиіс - Премьер-Министр

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлейтін жаңа еңбекпен қамту бағдарламасы таяу 5 жылда 1,5 миллионға дейін қазақстандықты қамтуы тиіс.

Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов аталған министрліктің алқа мәжілісінде айтты.

Премьер-Министрдің айтуынша, Үкімет бағарламаның барлық бағыттарын жүзеге асыру аясында өздігінше жұмыспен қамтылған халықтың мәселесін түбегейлі шешпек.

Алқа мәжісінде негізгі баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіқалықова: «Еңбекке тартылған халық құрылымында өздігінше жұмыспен қамтылғандар үлесі мол. Өткен жылдың соңында олардың саны 2,7 миллион адамды құрады, оның 1,3 миллионы өз кәсібімен айналысады», - деді.

Ведомство басшысының атап өтуінше, аталған отбасылардың табыстары тұрақсыз әрі жоғары емес, сондай-ақ олардың біразы әлеуметтік жағынан қорғалмаған да.