Оңтайландыру жылдары сатып алған ғимарат иелері оларды ауданның меншігіне қайтарымсыз ретінде беріп отыр.
Жаңа қала ауылында Байкен Оралов қайтарған клуб ғимараты Жол картасы бойынша жөндеуден өткізілді. Аудандық өкімет клубқа музыкалық аппаратура, жиһаз және сахна шымылдығын әкелді. Ал шаруа қожалықтарының басшылары үлкен теледидар тарту етті.
Клубта үйірмелер жұмысқа кірісіп кетті, онда жергілікті мектеп мұғалімдерінің клубы мен «Мұрагер» домбыра ансамблі дайындалуда. Көктемде жаңақалалықтар клубтың маңайын абаттандырмақ.
Ал Аққұдық ауылында клуб ғимаратын жерлестеріне шаруа қожалығының басшысы Салман Нұрғалиев тарту етті. Ғимаратты жаңартуға аудандық бюджеттен 4,5 миллион теңге бөлінді - мұнда қазір кештер, концерттер және жастардың би кештері өтуде.
«Ғимарат жақсы, жайлы - балалар жиналады, үйірмелер жұмыс істейді, олар сабақтарда музыкалық аспаптарда ойнауды үйреніп жатыр. Тұрмыс жақсарып келеді - адамдарға мәдени демалу үшін клубтар және кітапханалар керек», дейді Луганск селолық округінің әкімі Табыс Баймағамбетов.