Жаңа Конституция Қазақстанның саяси дамуына серпін береді – сарапшы

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — 1 шілдеде Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуімен бірге еліміз жаңа саяси даму жолына қадам басты. Бұл мемлекеттік құрылымдағы маңызды өзгерісті көрсетеді. Бакудегі Kazinform агенттігінің тілшісімен сұхбатта CASPIA аналитикалық орталығының директоры Орхан Йолчуев осындай пікір білдірді.

Фото: CASPIA аналитикалық орталығы

Сарапшының сөзінше, жаңа басты заңның қабылдануы Қазақстан қоғамында кейінгі он жылда болған ауқымды өзгерістерге заңды жауап болды.

— Әңгіме жаңа саяси кезеңнің басталуы турасында. Жаңа Конституция мемлекеттік билік жүйесінің түбегейлі жаңаруын бейнелейді, — деді Орхан Йолчуев.

Сарапшы бұл құжат құжат қазақстандық мемлекеттіліктің негізгі қағидаттарын, оның ішінде егемендік, тәуелсіздік, аумақтың тұтастығы және мемлекеттік құрылыс формасын бекітетінін атап өтті. Айтуынша, конституциялық өзгерістер белсенділігі артқан, экономикалық тұрғыдан дамыған және саяси танымы кеңейген қоғамның даму қарқынын айқындайды. 

Орталық жетекшісі мемлекеттік билік жүйесін жаңғыртуға мән берді. 

— Қоспалаталы парламент дәуірі аяқталды. Жаңа үлгіге көшу еліміздің барлық саяси архитектуралық құрылымын қайтадан пайымдауға, мемлекеттік шешімдер қабылдау сапасын көтеруге мүмкіндік береді, — деп есептейті CASPIA директоры.

Оның айтуынша, жаңа басқару жүйесі шешім қабылдаудағы артық деңгейлерді қысқартуға, заң шығару процесінің барынша ашық болуына және негізгі мемлекеттік институттардың өзара іс-қимылының тиімділігін барынша арттыруға бағытталған. 

Орхан Йолчуев сондай-ақ реформалардың Еуразиядағы қарқыны күшейген геосаяси бәсекелестік жағдайында өтіп жатқанын, бұл Қазақстанның ішкі тұрақтылығын ерекше маңызды факторға айналдыратынын жеткізді. 

— Мемлекеттік институттар неғұрлым тұрақты болса, мемлекеттің сыртқы саясатты жүргізу және тәуелсіз бағытты сақтап қалу соғұрлым қабілеті жоғары, — деді сарапшы.

Оның сөзінше, жаңа Конституцияның қабылдануы жаңғыртулардың аяқталғанын білдірмейді. Әңгіме ұзақ мерзімді реформалар процесінің басталғаны турасында. Мұның нәтижесіне таяу жылдары көз жеткізе бастаймыз. 

— Заманауи Қазақстан 1995 жылмен салыстырғанда өзгеше реңкке ие. Сондықтан мемлекеттің құқықтық негізі жаңа талаптарға, даму деңгейіне және жаңа шақыртуларға сай болуы керек, — деді Орхан Йолчуев.

Сарапшының пікірінше, жаңа Конституция Қазақстанның Орталық Азиядағы барынша тұрақты әрі орнықты мемлекет ретінде нығаюына ықпал етеді.