Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министр Серік Ахметов осындай тапсырма берді.
«Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып қарастырып, оқу жылы басталғанға дейін мектептерде аптасына кемінде үш сағаттық міндетті дене тәрбиесі сабағын қалпына келтірсін. Ербол Тұрмаханұлы (Үкімет басшысының орынбасары) бұл мәселені қарастырып, Үкіметтің осы отырысының хаттамасына нақты ұсыныс енгізіңіздер», - деді С.Ахметов.