Ішкі нарықта өсімдік майы мен қарақұмық жетіспеушілігінің қордалануына жол бермеу мақсатында 2010 жылдың қазанынан бастап 2011 жылдың сәуіріне дейін аталған өнімдерді республика аумағынан тысқары шығаруға уақытша шектеу қойылғандығын атап өткен ол: «Бұл іс жүзіндегі тұтыну көлемін есепке алғанда жаңа өнім жинағанға дейін тұрғындарды өсімдік майымен және қарақұмықпен толық қамтамасыз етуге жетеді», - деді.
Вице-министрдің атап өтуінше, 10 желтоқсандағы мәліметтерге сәйкес еліміздің кәсіпорындары мен сауда орталықтарының қоймаларында 20 мың тоннадан астам өсімдік майы мен 5,2 мың тонна қарақұмық қоры бар.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, өткен жылғы қарақұмық дақылының жалпы жиынтығы 26,9 мың, ал майлы дақылдар жалпы жиынтығы шамамен 800 мың тоннаны құрады.