«Жылдан жылға Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен достығы нығайып, стратегиялық әріптестігі күшейіп келеді. Ұлы Жібек жолын біз бүгінгі күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы өңірін Еуразияның көліктік-сауда көпірі ретінде қайта жаңғырту арқылы құрып жатырмыз. Теміржол, автокөлік жолдарымыз, әуе жолдары секілді біздің барлық шараларымыз Жібек жолын тұтастай магистральға айналдыруда», - деді Н. Назарбаев.
Бұл ретте Елбасы аталған бағыттың еліміз үшін маңызына тоқталып, Қазақстан транзиттік аумаққа айналатынын, ал бұның ел дамуына тың серпін беретінін атап өтті.