«Мәдениет саласындағы инфрақұрылым мәселесі де өзекті. Сондықтан да, жиынымызға Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысып отыр. 2008-2010 жылдары Жол картасы аясында 300-ден астам мәдениет нысандары жөндеуден өтті. Ал өткен сенбіде Елбасының тапсырмасына сәйкес, Үкімет 2050 жылға дейінгі жаңа жол картасын әзірлеуге кірісті. Бұл жұмысқа кураторлық Бақытжан Әбдірұлына жүктелген еді. Осыны пайдалана отырып, өңірлердегі департамент директорларына, тіл дамыту департаменттерінің басшыларының қаперіне салатын мәселе - біз жаңа Жол картасының тізіміне мәдениет нысандарын барынша енгізуге тиіспіз», - деді М. Құл-Мұхаммед.
Министр бұл ретте бұндай идеяны Бірінші Вице-премьер толық қолдайтынына сенім білдіріп, өңірден түскен ұсыныстарды ілгерілетуге өзі де барынша мүдделі болуға ниетті екенін танытты.