ОРАЛ. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жаңа жылдан бастап төртінші сәбиін дүниеге әкелген анаға 70650 теңге көлемінде жәрдемақы төленіп, бала күтімімен отырған әр айына 12011 теңге алатын болады.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елена Тарасенко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Депутаттың айтуынша, Елбасы Жолдауына сәйкес елімізде әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жалақы мен зейнетақы, жәрдемақы жыл сайын өсіп отыр. Қазақстанда төрт баласы барлар көп балалы болып есептеледі. Сондай-ақ 2010 жылы жеті және одан да көп бала тауып, тәрбиелеген анаға - «Алтын алқа», алты бала өсіргендерге «Күміс алқа» беру ойластырылып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).