АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Жаңадан құрылған Ұлттық географиялық қоғам 5 бағытта жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін «Назарбаев университетінде» Қазақстанның Ұлттық географиялық қоғамының құрылуына арналған бірінші съезде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев айтты.
Оның атап өтуінше, қоғамның негізгі бағыттары мыналар: «География және климат», «Қоршаған орта және табиғи ресурстар», «Биоәралуантүрлілік», «Туризм. Саяхат. Өлкетану», «Nарихи-мәдени мұра, этнография».
«Әрбір бағытты вице-президент басқаратын болады. Әрбір шенуніктің алдына өз қызмет бағытындағы басымдықты мәселелерді шешу бойынша іс-қимыл жоспарын түзу міндеті қойылады», - деді вице-премьер.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.