ОРАЛ. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданы орталығында жаңа монша ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жеке кәсіпкер Талғат Бәйкенов іске қосқан моншаның ерлер залына - 30, әйелдер жағына соншама адам қатар кіру мүмкіндігі бар. Моншаның кіреберіс залы да үлкен. Онда касса және буфет орналасқан.
Күні бүгін ауылда басқа нысандары бар кәсіпкер 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі кезде сауна құрылысы да жүргізілуде. Ол ішінде бассейні, бильярд, банкет залдары бар үш бөлікті болмақ. Сауна ашылса, тағы біраз адам жұмыспен қамтылмақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).