«Ағымдағы жылдың қазан айында олар алдан ала келісім бойынша Д. есімді азаматтан Жаңаөзен қаласындағы әскери қалашық үлгісіндегі құрылыс нысанында атқарылған жұмыстарға қол қою үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алған. Ұсталғандар Жңаөзен қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, соттың шешімімен екі айлық мерзімге бақылауға алынды. Әскери қалашықтың құрылысына бастама көтерген - ҚР ІІМ қарулы күштер комитеті, ал тапсырыс беруші - Көшербаевтың атынан 6656 әскери бөлімінің басшылығы. Осы нысанды салу бойынша келісім сомасы - 2 млрд. 700 млн. теңге. Заңды мекен-жайы Астанада тіркелген «Экопроект» ЖШС жобалаушы компания болып табылады. ЖШС өкілі жоғарыда атаған Әбубәкіров», - деді Маңғыстау облысы бойынша экономикалық қылмыс пен сыбайлыс жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің Жаңаөзен аймағы бойынша қаржы полициясы басқармасының басшысы Жәнібек Төлепқалиев.
Оның сөзіне қарағанда, Көшербаев пен Әбубәкіров атқарылған жұмыстар бойынша актілерге қол қою үшін жүйелі түрде ақша алып отырған. Олар 7-ден 12 жылға дейін бас босиандықтарынан айырылулары мүмкін. Тергеу жүргізіліп жатыр.