Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот үдерісі халықтың билікке сенімін арттырды- Ақпарат және талдау орталығының директоры Т. Сәметова

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Жаңаөзендегі тәртіпсіздік оқиғаларына қатысты сот үдерісі халықтың билікке сенімін арттырды. Бұндай пікірді Ақпарат және талдау орталығының директоры Толқын Сәметова білдірді.

«Жалпы тұрғындардың 85 пайызынан астамы аталмыш оқиға жөнінде хабардар болған. Негізінен ақпарат көздерін, әрине БАҚ құрады», - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, әрине ақпараттардың мол болуына күмәнданушылар мен жалпы билікті сынаушылар сотқа дейін жеткілікті болған. Бірақ та сот барысында халықаралық бақылаушылармен қатар қоғамдық бақылау мен қоғамдық сарапшылық механизмдері қолданылды.