Күдіктілердің 20 тамыз күні уақытша қамау абақтысынан қашып кеткені туралы ақпарат тараған еді.
Жаңаөзен қаласы Рахат ауданында орналасқан үйлердің бірінен табылған үш жігітке осыған дейін құқық қорғау органдарымен іздеу салынған болатын. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бап (Қарақшылық) 2-бөлігі бойынша қылмысқа қатысты деп күдіктелуде.
Ұсталғандар уақытша қамау изоляторына жеткізілді. Желіде оларды полиция қызметкерлерінің ұстап жатқаны туралы видео да тараған.