«Жаңаөзеннің білім ошақтарын коммуналдық қызметпен қамтамасыз етуге ешқандай үзілістер болған жоқ. Электр қуаты да тұрақты беріліп отыр», - деп мәлім етті Жаңаөзеннің қалалық білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жаңабай Аймағамбетов.
«Жаңаөзеннің білім мекемелеріндегі температуралық режим санитарлық нормаға сай», - деп хабарлады ол.
Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда Жаңаөзен қаласында 15 мемлекеттік және 13 жекеменшік мектепалды білім беру мекемесі, 4 мектепалды білім беретін шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі барлық мекемеде 3990 бала тәрбиеленуде - бұл балабақша жасындағы барлық балалардың 71,8 пайызы
Жаңаөзенде 22 орта мектеп бар, оқушылардың жалпы саны 22 мың баланы құрайды.