Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге қатысты сот отырысында 2 жәбірленушіден жауап алынды

АҚТАУ. 2 мамыр. ҚазАқпарат. - Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысында жәбірленушілерден жауап алынды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Жәбірленуші К.Ешманов жаппай  тәртіпсіздіктер барысында өзінің жеке үйінің өртеніп кеткендігін айтты. 

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес процеске қатысушылар жәбірленушілерге өз сұрақтарын қойды.

Бүгінгі сот отырысында жалпы алғанда 2 жәбірленуші сұралды. Келесі сот отырысы ертеңге сағат 10.00-ге тағайындалды.