Жанартау бұлттары әуежайлар қызметін тағы да бұзды

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат - Жанартау күлі әуежайлар қызметін үзудің себебі болып қалуда, деп хабарлайды Би-Би-си тілшісі.

Атап айтқанда, Мароккода алғаш рет бес әуежай жабылды. Сондай-ақ Канар аралдары мен Испанияның оңтүстігінде жеті әуежай жабылған.

Түркияның солтүстік-батыс аумағы үстінде төрт сағатқа самолеттердің ұшуы тоқтатылып, шағын әуежай жабылды.

Еуропалық әуежай агенттіктерінің болжамынша, жанартау күлінің бұлттары сейсенбі күні кешке Францияның оңтүстік-шығыс аумағына ауысады.