Исландиядағы жанартаудан көтерілген кезекті күл-тозаң оңтүстікке жылжылуы салдарынан британ өкіметі осындай шара қабылдауға мәжбүр болып отыр.
Бұған дейін Британияның Манчестер, Ливерпуль, Норвидж және Донкастер қалаларындағы әуежайлардың жабылғаны хабарланған болатын. Оған қоса, Шотландияда Глазго қаласына жақын маңдағы орталық әуежайы жабылды. Сондай-ақ Дублин әуежайының жұмысы да уақытша тоқтап тұр.
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Исландияда Эйяфьяллайекюль жанартауының оянуы салдарынан көтерілген күл-тозаң Еуропадағы әуе қатынасына кедергі болғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Содан бері оқтын-оқтын әуе қатынастары жабылып, әуе компаниялары миллиардтаған долларға жуық шығынға батып отыр.