деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Оқиға дүйсенбі күні Саутленд аймағының Инверкаргилл қаласына жақын маңдағы Орети-Бич айлағында орын алды. Қыз баланың анасы Фиона Уордтың айтуынша, қызы Лидия суда бодибордингпен айналысып жүрген кезінде акула оның бөксесіне ауыз салып, жармаса кетеді.
Салқынқандылық танытқан он төрт жасар қыз бала бодибординг тақтайшасын ұстап алып акуланы басынан соққылай бастайды. Мұндай қарсылықты күтпеген жыртқыш шабуылын доғарып, жөніне кетеді.
Шабуылдың құрбаны болған қыз бала үстіне киген берік гидрокостюмінің арқасында айтарлықтай зақымданудан аман қалады.