Синоптиктер мәлімдегендей, бұрынғыдай атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
«Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, тек елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Ел бойынша тұман күтіледі, солтүстікте, оңтүстік-шығыста жел 15-20 м/с дейін күшейеді», — деп жазды ведомстводан.