«Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауының басты себебі вирустың жаңа штамдарының пайда болуы. Дерттің күрт өсуін коронавирустың «төртінші толқыны» деп атауға болады. Біз індетке қарсы тұра аламыз, қазірдің өзінде 3 500 төсек-орын дайындалды. Бүгінгі күні науқастарға арналған 1 760 төсек-орын бар. Олардың санын 35%-ға арттырамыз», – деді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар, ол Алматы эпидемиологтары коронавирус инфекциясын жұқтырудың ең ықтимал орындарын анықтағанын жеткізді.
«Мысалы, отбасылық шаралар, тойлар, мерейтойлар, еске алу кештері 1,7%. Сондай-ақ түнгі клубтарға келушілер, караоке орындары 0,2%-ға өскен. Ал ASHYQ жобасына қатысатын нысандарда инфекция тіркелмеген. Бұл ретте отбасыларда жұқтырудың үлес салмағы – 25%, сауда нысандарында – 23%, қоғамдық көлікте қатынау – 16,7%, бұқаралық іс-шараларға қатысу кезінде – 6%»,- дейді ол.
Жандарбек Бекшин мегаполис тұрғындары мен қонақтарына демалыс және мереке күндері бұқаралық іс-шараларға, клубтарға барудан бас тартуға, санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.