Бұл туралы Білім күніне орай өткен салтанатты жиында университет ректоры міндетін уақытша атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрлан Серғалиев мәлім етті.
Оның айтуынша, соның 384-і - мемлекеттік грант иегерлері. Машина жасау факультетінің студенті атанған Ксения Быкова - «Алтын белгі» иегері. Жиында 1 курс студенттеріне студенттік билеттері мен сынақ кітапшалары салтанатты түрде табыс етілді.
Шара барысында университет ректорының кеңесшісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қазыбай Бозымов, «Caspian Proger engineering & consulting LLP» ЖШС резидент менеджері Гаетано Криши, университет ардагерлер кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Әскерғали Шамғонов, машина жасау факультетінің 4 курс студенті, Президенттік шәкіртақы иегері Асыланбек Аткешов түлектері әр қиырда табысты еңбек етіп жүрген осындай ЖОО-да білім алу мәртебе екендігін атап өтіп, бүгінгі студенттердің болашақ мықты кадр болып шығуларына тілектестігін білдірді.